“Қазақстанда жасалған” форумы
23 қарашада Астанада Тәуелсіздік сарайында “Қазақстанда жасалған” қазақстандық өндірушілер форумы болып өтті. Форумның негізгі мақсаты тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қазақстандық жеткізушілермен ұзақ мерзімді серіктестік орнату.
Форум жұмысы индустриалды-инновациялық жаңғырту, бірлескен кәсіпорын жүйесіндегі «қазақстандық қамтудың» өзекті мәселелерін талқылаудың жаңа форматын және қазақстандық өндірушілердің өнімдерінің тиімділігі мен шығындарын азайту бойынша жаңа жобалар мен шешімдерді таныстыру мүмкіндіктерін көрсетті.